Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысында мәйіті сарайдан табылған ерлі-зайыптыны ауыл халқы ақтық сапарға шығарып салды

Атырау облысында мәйіті сарайдан табылған ерлі-зайыптыны ауыл халқы ақтық сапарға шығарып салды
Сурет: azh.kz
Атырау облысында үйдегі сарайдан мәйіттері табылған ерлі-зайыптының жерлеу рәсімі өтті.

Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында бұған дейін шаруашылық құрылыс аумағынан мәйіті табылған ерлі-зайыптыны жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.

Қаза болғандармен қоштасуға туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары жиналды.

Жерлеу таңертең жергілікті зиратта өтті. Ақтық сапарға шығарып салу сәтінде көпшілік көз жасын тыя алмады.

Әкімдік хабарлағандай, жерлеу рәсімін ұйымдастырумен марқұмдардың туыстары өздері айналысқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт бірдей мүшесі ізім-ғайым жоғалып кеткен болатын.

Кейіннен полиция ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Күдіктілер анықталып іздестіріліп жатыр. 

Жоғалған қалған екі адамды полиция іздестіріп жатыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар