Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Рэкетир” фильмінің актері Мұрат Бисембин көз жұмды

“Рэкетир” фильмінің актері Мұрат Бисембин көз жұмды
Сурет: jemappelledali
Танымал қазақстандық актер Мұрат Бисембин қайтыс болды.

“Рэкетир” фильмінің актері Мұрат Бисембин 54 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қаралы хабарды қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

“Шексіз жақсы көремін”, – деп жазған ол.

Айта кетсек, 2024 жылғы күзде Мұрат Бисембин ауыр дертке шалдыққаны белгілі болды. Соған байланысты жаңа жобалардан бас тартып, түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар