Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде педофилия үшін тұтқындалған ер адам TikTok-та стрим жүргізіп жүр

Ақтөбеде педофилия үшін тұтқындалған ер адам TikTok-та стрим жүргізіп жүр
Сурет: видеодан скриншот
Ақтөбде бұрын істі болған ер адам әлеуметтік желіде блогер болып жүр.

Педофилия бойынша тұтқындалған ер адам TikTok әлеуметтік желісінде стрим жүргізіп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол қазіргі кезде Ақтөбеде әлеуметік бейімделу орталығында. Арасында тікелей эфирге шығып, өмір туралы және психологиялық тұжырымдар айтады. Оның аккаунты 19 мың қаралым жинаған.

43 жастағы ер адам 16 жастағы қызға әдепсіз әрекеттер жасағаны үшін жазасын өтегенін айтады. Бірақ өз кінәсін мойындамайды. 2022 жылы бостандыққа шыққан және әлеуметтік бейімделу орталығында тұратынын мәлімдеген.

Әлемуеттік желіде ол өзін блогер атап, желі қолданушыларымен жеке өміріне қатысты және өмір жайлы тақырыптарды қозғайды. Ақтөбедегі орталыққа келгеніне екі апта болған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар