Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайтыс болған сарбаздың әкесі: Әскерилер мені "балам ауру еді" деп айтуға мәжбүрледі

Қайтыс болған сарбаздың әкесі: Әскерилер мені "балам ауру еді" деп айтуға мәжбүрледі
Сурет: ашық дереккөздерден
Марқұм сарбаздың әкесі ұлының ауруы туралы сөзді әскери қызметкерлері айтқызғанын мойындады.

Шымкентте қаза тапқан сарбаз Данияр Амалбековтың әкесін әскери қызметкерлері қинап, баласының дені сау емес екендігін айтқызған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Марқұмның әкесі Серік Амалбековтың айтуынша, оны үйлердің арасына апарып, видеоға түсіріп алған.

«Олар мені көлікке отырғызып алып, үйлердің арасына апарды. Сөйтіп видеоны қосты. Мен де солардың айтқанын қайталап айтып бердім. Ауру баламды әскерге жібергендей қылып көрсетті. Өз мойныңа ал деді», - дейді марқұмның әкесі.

Туыстары Даниярдың ақ қан ауруымен ауырғаны туралы ақпараттың тарап кеткеніне қапалы. Олардың сөзінше, ондай ауру жайында ешқандай да құжатта дәлелденбеген.

«Пункция 5 қаңтарда ғана жасалған. 6 қаңтарда ол қайтыс болып кеткен. Менің ұлымды азаптаған. 11 қаңтарда оны ауруханалрға тасыған. Оны төрт жерге, мемлекетік және жеке клиникаларға да апарған. Бірақ неге оны әскери госпитальға апармаған?», - дейді анасы Гаухар Сәрсебаева.

Туыстарының сөзінше, ақ қан ауруы бойынша анализ қорытындысы келесі аптада дайын болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар