Қызылордада ер адам көршісі мен 34 дастағы қызын пышықтап кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қаңтар, 2026
- 55
Қызылордада тұрғын мен оның 34 жастағы қызын көршісі пышақтап кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысы ПД мәліметінше, 8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаттары салдарынан Қызылорда тұрғыны және оның 34 жастағы қызы көз жұмған.
Оқиға туралы полицияға қаза тапқандардың көршілері хабарлаған. Патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстады.
"Ұсталған азамат - жәбірленушілердің көршісі. Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.




