Қоғам
Атырау облысында бір отбасы жоғалып кетті: ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қаңтар, 2026
- 169
Атырау облысында қайын атасы мен енесін өлтірді деген күдікке ілінген күйеубалаға іздеу жарияланды.
Атырау облысында қайын атасы мен қайын енесін өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты іздестіру ісін бастады. Іздеу жұмыстарын Атырау облысының полиция департаменті жүргізіп жатыр.
66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы Насип Өтешқалиева Атырау облысы Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптылардың үшінші топтағы мүгедектігі болған, мал шаруашылығымен айналысқан және туған ауылынан сирек шыққан. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар — екі қызы және бір ұлы.
Келесі мақала
Айзат Жұманованың өлімі: күйеуіне сот үкімі шықты
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Студент қыздарды ерлердің әжетханасын жинауға мәжбүрлегендер жазаланды
- авторkyn.kz
- 23 ақпан, 2026




