Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

8 адамнан 130 млн теңге жинап алған әйел Түркияға қашып кеткен

8 адамнан 130 млн теңге жинап алған әйел Түркияға қашып кеткен
Сурет: видеодан скриншот
Қызылорданың 8 адамынан ақша жинап Түркияға қашып кеткен әйел елге қайтарылды.

Бірнеше адамға Түркиядан зергерлік бұйым жеткізіп беремін деп алдап кеткен әйел Тұркиядан елге қайтарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сыртқы істер министрлігінің жәрдемінің арқасында бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасын Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы Түркиядан елге қайтарды.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ол азаматтарға «арзан алтын жеткізіп беремін» деп уәде берген.

«Күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында төмен бағада зергерлік бұйым жеткізіп беремін деп, оларды алдап кеткен.  Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Ақшаны қалтаға басқан соң ол елден тыс жерге бой тасалаған. Сондықтан, полиция оны халықаралық іздеуге салған еді.

«Ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деп ескертеді прокуратура.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар