Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айзат Жұманованың өлімі: күйеуіне сот үкімі шықты

Айзат Жұманованың өлімі: күйеуіне сот үкімі шықты
Сурет: ашық дереккөздерден
Айзат Жқманованы аяусыз ұрып өлтірген күйеуі 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот үкімімен Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетсек, қайғылы оқиға былтыр 22 маусымда Ақсу ауданында болған. Соталды тергеу деректеріне сәйкес, Баласаз ауылының тұрғыны Айзат Жұманова ауыр жарақатпен Талдықорғандағы ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде оның қайтыс болғаны тіркелген.

Сот-медициналық сараптама ауыр жарақаттарды анықтаған: бас-ми жарақаттанған, ми ісінген, бас сүйегі негізі, аяқ-қол мен жамбас сынған, сондай-ақ, бетіндегі іздер.

Бастапқыда полиция істі ҚК 106-бап 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге әкеп соғу") бойынша тергеген, кейін күдіктінің әрекеті ҚК 99-бап 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қайта сараланды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар