Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Құдаларыма ренжідім, қыздарына бір рет болса да келмеді»: Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының құдағиы

«Құдаларыма ренжідім, қыздарына бір рет болса да келмеді»: Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының құдағиы
Сурет: видеодан скриншот
Атырауда жоғалып кеткен отбасының құдағиы келінінің әке-ешшесіне ренжігенін айтты.

Атырауда жоғалып кеткен ерлі-зайыптының өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы баласының мұндай әрекетке бармайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

КТК арнасының тілшілеріне сұхбат берген әйел қазіргі кезде ұлы мен келінінің қайда кеткенінен бейхабар. Айтуынша, Сұлтан Сәрсемалиев әйелін емдетуге қалаға алып кеткен. Соңғы рет 11 желтоқсан ұлына хабарлама жіберген бірақ ол оқымаған.

«Шетелге кетемін деп айтқан жоқ. Қалаға апарып, емдетіп келетінін айтты. Осыған дейін әйелін Түркияға апарып емдетіп келді. Ақшаны қайдан алдың деп сұрағанымда әкесінің мал сататынын айтты. Құдалармен көп араласпаймын», - дейді әйел.

Ұлының бес баласының жәрдемақысын алып отырған әйел оларды өз қамқорлығына алатынын айтады. Кетер кезде ұлы әйелінің банкомат карточкасын беріп кеткен.

«Ауыр жағдай. Дәмдес болдық талай, қимаймын. Жолдасым келе жатыр, барады. Балаларға өзім қараймын. Арасында келінім қатты ауырып қалады, сол кезде балама емдетіп кел деген едім. Күні кеше ғана басталған ауруы. Осыған дейін келіннің әке-шешесі бір келген жоқ. Құдағи қызына ренжігенін айтады. Бірақ ана ғой. Қызының жағдайын біліп кетсе болады ғой. Не болмаса балаларды қарасып, үйіне алып кетсе де болады ғой. Ағасы да қарындасының жағдайын сұрап келген емес. Балама сол кезде қыздарын білуге бір келмеді деп ренжідім. Күн ыстықта әбден қиналып кеттім», - дейді күдіктінің анасы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар