Басты жаңалықтар
«+3 градусқа дейін жылынады»: алдағы үш күнге арналғана ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қаңтар, 2026
- 49
Елдің шығысында күн жылы болады.
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның барлық өңірінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болжауынша, 10 қаңтардан бастап Қазақстанның батысы, солтүстік батысы, орталығында қар жауады. 11-12 қаңтардан бастап елдің шығысында аздаған қар жауып, жел соғады. Бұл күндері елдің басым бөлігінде күн жылынады.
«11 қаңтар күні Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар жауады. 10-12 қаңтар күндері елдің оңтүстігінде, ал, дәл 12 қаңтар күні елдің оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. 11 қаңтарда солтүстік пен орталық, ал, 12 қаңтарда елдің шығысында ауа температурасы -3 градустан +3 градусқа дейін жылынады», - деп хабарлайды «Қазгидромет».



