Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап кетті: күдікті ретінде марқұмның танысы іздестірілуде
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:24
- 33
Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап кетті. Марқұмның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні болған. Шымкент қалалық Полиция департаменті ресми мәлімдеме таратты.
«Осы дерек бойынша кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген полиция таратқан ақпаратта.
Құқық қорғау органдары тергеу барысына қатысты өзге мәліметтерді жарияламады.
Қазір күдіктіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеу барысы полицияның ерекше бақылауында.




