Атырау облысында бір отбасының жоғалуы: марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі тың мәлімет айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:35
- 1
Атырау облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты желіде жаңа мәлімет тарады. Журналист Жанат Молдашова марқұм Мақсот Қарабалиннің інісімен сөйлесіп, чатқа жіберілген аудио туралы күдік күшейгенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жанат Молдашова қазалы отбасының туыстары мен ағайын-туыс күдікті деп танылған адамды тезірек ұстауды талап етіп жатқанын айтады.
Журналист осы сұрақтардың жауабын нақтылау үшін марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен сұхбаттасқан видеосын жариялаған.
«Нәсіп жеңгеміздің ағайын-туыстарының чаттарына жіберген аудиосы бар. Сол аудио хабарламаларының бірін 7 қараша күні жіберген. Күдік тудырмас үшін... Қалай болғанда да, біреу жіберіп тұр... Қазіргі таңда телефонның бәрі Сұлтанда болды деп тұр ғой. Сол Сұлтан жіберіп тұрған шығар деп ойлап тұрмыз», – дейді Шалқар Мұқанғалиев.
Сонымен қатар, журналист “Марқұмдар сарайдан қалай табылды? Оған дейін тінту жүргізілді ғой” деген сұрақпен мыңдаған адам мазалағанын жазады.



