Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда бір отбасының жоғалуы: марқұмдардың қызына іздеу жарияланды

Атырауда бір отбасының жоғалуы: марқұмдардың қызына іздеу жарияланды
Сурет: qamqor.gov.kz
Өз үйінің ауласында өлі табылған ерлі-зайыптының қыздарына іздеу жарияланды.

Атырау облысы полициясы Жангельдин ауылында өз үйінде өлі күйінде табылған ерлі-зайыптының қызына іздеу жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Атырау облысындағы Жангелді ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдікті мен олардың 30 жастағы қызына халықаралық іздеу жарияланды.

Қылмыс жасады деген күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сонымен бірге басқа да тұлғалардың оқиғаға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деп мәлім етті Атырау облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, Атырау облысында 2025 жылдың соңында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын полиция іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Полицияға 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау қаласының тұрғыны жүгінген. Ол ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткенін айтқан.

6 қаңтарда отбасының екі мүшесі, атап айтқанда ерлі-зайыпты Қарабалин Мақсот пен Өтешқалиева Нәсіп өз үйінде өлі табылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар