Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде бірнеше медициналық ұйымында госпитальдық фармация бөлімшелері енгізілді

Елімізде бірнеше медициналық ұйымында госпитальдық фармация бөлімшелері енгізілді
Сурет: gov.kz
Қазақстанда бірнеше фармация бөлімшелері ашылды.

Қазақстанда дәрілік қамтамасыз етудің тиімділігін арттырудың маңызды құралы ретінде клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелерін кезең-кезеңімен енгізу жалғасуда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

2023-2024 жылдары 19 медициналық ұйым жұмысының қорытындысы бойынша клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелері қызметінің экономикалық тиімділігі емдеу схемаларын оңтайландыру, полипрагмазияны төмендету және дербестендірілген фармакотерапияны енгізудің есебінен шамамен 1 млрд теңгені құрады.

2025 жылы госпитальдық фармацияның 49 жаңа бөлімшесі ашылды. Бұрын жұмыс істеп тұрған бөлімшелерді ескере отырып, олардың жалпы саны республика бойынша 126-ға жетті.

Бөлімшелердің жұмысы:

- дәрілік заттардың дербестендірілген есебін енгізуге;

- фармакотерапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға;

- шығындарды оңтайландыруға;

- терапияның тиімділігін бақылаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар