Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Оның көк чемоданды алып кеткенін көрдім»: сотта Бишімбаевтардың үй қызметшісі сөйледі

«Оның көк чемоданды алып кеткенін көрдім»: сотта Бишімбаевтардың үй қызметшісі сөйледі
Сурет: fallout.fandom.com
Астанада 1 миллион долларды құрайтын алаяқтық ісі бойынша сотта Бишімбаевтардың қызметшісінен жауап алынды.

Астанада Қуандық Бишімбаевтың анасына қатысты 1 миллион долларды құрайтын алаяқтық ісі бойынша сот әлі жалғасуда. Олардың үй қызметшісі куәлік етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Үй қызметшісі Күнсұлу Қожахметованың айтуынша, айыпталушы Бекзат Кемелова Бишімбаевтың ата-анасының үйіне жиі келіп тұрған.

"Ол талай рет келді, біз оны жақсы қарсы алатынбыз. Мен ас үйде жұмыс істеймін, сондықтан олардың не туралы сөйлескенін білмеймін. Кемелова келген сайын Нұрлыбекованың жағдайы нашарлап қалатын. Сол кезде біз жедел жәрдем шақыратынбыз", – деді Қожахметова.

Үй қызметшісі Кемелованың үйден көк түсті чемодан алып шыққанын көрген.

"Мен оның көк чемоданды алып кеткенін көрдім. Содан кейін оны көп уақыт көрмедім", – деді ол.

Айыпталушының адвокатының сұрақтарына жауап берген Қожахметова чемоданды бұрын жатын бөлмеден көргенін айтты. Бірақ ішінде не болғанын білмейтін болып шықты. Тіпті ол Бишімбаевтардың үйінде құнды заттар мен ақшаның қайда сақталғанынан бейхабар екенін жеткізді.

"Жоқ, мен ол туралы білмеймін. Мен тек үй жинаймын, ыдыс жуамын, тамақ дайындаймын, үтіктеймін. Құжаттарды қараған емеспін, оны түсінетіндей білімім де жоқ", – деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар