Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

182 мың доллар криптоактивіне шектеу қойылды: блогер Қайсар Қамзаға не үшін халықаралық іздеу салынғаны айтылды

182 мың доллар криптоактивіне шектеу қойылды: блогер Қайсар Қамзаға не үшін халықаралық іздеу салынғаны айтылды
kyn.kz
Блогер инстаграм, телеграм арналар арқылы құмар ойындарын насихаттаған.

2026 жылдың 14 қаңтарындағы агенттіктің таратқан ресми ақпаратына сүйенсек, сот оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі.

Қайсар Қамза заңсыз құмар ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген.

Күдікті 5 жыл бойы "Instagram" әлеуметтік желісінде, "qais_arr" атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ "Telegram"-дағы "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.

Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар