Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Tinder арқылы танысқан: жас жігіттен 4 млн-нан астам теңге алған астаналық сотталды

Tinder арқылы танысқан: жас жігіттен 4 млн-нан астам теңге алған астаналық сотталды
Сурет: газета.ру
Астанада интернет арқылы танысқан қала тұрғыны жәбірленушіден 4 млн теңгеден астам ақшасын сыпырып алған.

Астанада интернет арқылы 20 жастағы қала тұрғыны алаяқтық жасаған. Ол танысуға арналған Tinder қосымшасына әйел адамның атымен «Нұрай» деп тіркеліп, жәбірленушімен танысқан. Сөйтіп оның 4 млн теңгеден астам ақшасын алған,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Прокуратураның мәліметінше, Telegram-да бейтаныс қыздың суретін қойып, жалған парақша ашқан. Содан кейін жәбірленушімен тілдесіп, кездесуге уәде берген. Бірақ әртүрлі сылтаулармен одан ақша сұрай бастаған.

Үш айға жетпейтін уақыт ішінде қаскөйге жәбірленуші 4 млн теңгеден астам қаржысын аударған. Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

«Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар – жасаған ісіне шын өкінуі, келтірілген мүліктік залалды өз еркімен өтеуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескеріле отырып, сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Интернеттегі сенім үлкен шығынға әкелуі мүмкін. Виртуалды «таныстардың» арбауына түспеуге және сақ болуға шақырамыз», – делінген прокуратураның хабарламасында.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар