Алматы облысында бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қаңтар, 2026
- 205
Алматы облысында бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткен әйел табылмай жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпаратты Instagram парақшасында LIDER.KZ еріктілері жариялады.
Тахирова Әсел Бахытғалиқызы, 1993 жылы туған, 2025 жылғы 2 желтоқсанда жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 15:00-де ол Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы, Исатай батыр көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан "Үлкен отбасы" мейірбикелік күтім үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы 160–165 сантиметр, орта денелі, шашы қою түсті, ұзын, айқын қылилығы бар, қолдарында кесілген тыртықтары бар, бел тұсында иероглиф түріндегі татуировкасы бар.
Киген киімі: қызыл бас киім, қара ұзын күртеше, көк джинсы, жасыл етік.
Еріктілердің мәліметінше, жас әйел бағдарынан адасқан және психикалық ауытқуы бар.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті
- авторkyn.kz
- 18 сәуір, 2026




