Басты жаңалықтар
Алдағы үш күнде Қазақстанда -38 градусқа дейін аяз болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:52
- 33
Елімізде күн суытып, қатты аяз болады.
Қазгидромет алдағы үш күнге 20, 21, 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде де жаңбыр, қар жауып, 22 қаңтарда таулы жерлерде қалың қар жауады. Тұман түсіп, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
22 қаңтарда еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде 25-38 градус, күндіз 20-30 градус аязға дейін төмендейді.
Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылыға дейін көтерілсе, таулы аудандарда 8-13 градус аяз, батыс өңірлерде 5-13 градус аяз болады.




