Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бір нәрсені қайталап келеміз»: Елжан Біртанов денсаулыққа арналған платформаның іске қосылмай тұрғанын айтып, сынға алды

«Бір нәрсені қайталап келеміз»: Елжан Біртанов денсаулыққа арналған платформаның іске қосылмай тұрғанын айтып, сынға алды
Сурет: Елжан Біртановтың фейсбук парақшасынан
Қаржыны жымқырды деп үстінен іс қозғалған Елжан Біртанов денсаулыққа арналған платформаға қатысты сөз қозғады.

COVID-19 пандемиясы кезінде қаржы жымқырды деп айыпталған экс Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сол кезде жасалған электронды платформаға қатысты айтты. Сөзінше, платформа сол күйі қосылмаған, деп хабарлайды ақпарат агенттігі. 

Экс Денсаулық сақтау министрі өзіне айып тағылғанын жеткізді. Бұл туралы желідегі парақшасында жазды.

“COVID-19 пандемиясы кезінде, өздеріңіз білетіндей, маған және менің орынбасарыма қарсы денсаулық сақтау саласына арналған электрондық платформаны жасауға бөлінген қаржыны жымқырды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Сот отырысы ашық өтті. Куәгерлердің барлығы техникалық мамандардан бастап сол кездегі министр Цойға дейін – барлығы платформаның іс жүзінде дайын болғанын растаған. Жобаны әзірлеген шведтік Ericsson компаниясы барлық жұмысты орындап, жүйені Қазақстан мүддесі үшін іске қосуға дайын еді. Алайда бұл ұсыныс ескерусіз қалды. Платформа сол қалпында қалды. Тергеу органдары қатысы барлардың барлығынан жауап алып, жобада жұмыс істейтін қызметкерлердің көпшілігі жұмыстан кетті. Денсаулық сақтау министрлігі ғана емес, цифрлық даму министрлері де, Тоғжанов пен Дүйсенова бастаған премьер-министрдің орынбасарлары да жаңа жобаны қолға алмақшы екенін мәлімдеді», - дейді ол.

Бұл мәселе бойынша үкіметке де, сотқа да жүгінген. Алайда ешқандай шешім болмағанын айтады.

“ Мәселені ешкім мойындағысы келмейді. Мен ең болмағанда осы платформаның баламасын жасауға болады деп ойладым. Өйткені егер платформа болмаса, әртүрлі компаниялар жасаған, түрлі бағдарламалау тілдері мен стандарттары бар жүйелерді біріктіру мүмкін емес. Мұндай мәселе қаржы саласында да, медицинада да тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар. Басқа елдерде бұл деректерді бөлісу және жүйелерді біріктіру үшін арнайы платформаларды қолданады. Ақшаны босқа жұмсамай, бұрынғы платформаны іске қосуға болатын еді. Бұл платформа қазірдің өзінде бар. Ол интероперабельдік платформалар бойынша әлемдік көшбасшы саналатын Oracle негізінде жасалған. Келісімшарт та, лицензия да мерзімсіз. Тек Ericsson немесе басқа бір вендорды шақырып, жұмысты қайта жандандыру жеткілікті. Бұл жаңа платформаны нөлден жасағаннан әлдеқайда жылдам әрі арзан болар еді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі тағы да жаңа шешім уәде етіп отыр. Ал бұған дейін 150 түрлі нұсқа айтылған. Өзін-өзі қанша уақыт алдай береміз? Бес жыл бойы бір орында тұрып, бір нәрсені қайта-қайта қайталап келеміз. Бұрынғы платформаны пайдалануға болатын еді, сол кезде ол әлдеқашан-ақ жұмыс істеп тұрған болар еді», - деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар