Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалары жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалары жүзеге асырылуда
Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төрт отырысы барысында айтқан бастамалары жүзеге асуда.

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік бағытын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төрт отырысы барысында айтқан бастамаларын жүзеге асыру елді трансформациялаудың негізгі тетіктерінің бірі. Бастамаларды нақты жүзеге асыру үшін заңнамалық база қамтамасыз етілді, 26 заң қабылданды.

Өңірлердегі сапалы өзгерістердің негізі – теңгерімсіздіктерді жою және экономикалық жобаларды жүзеге асыру. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларына сәйкес Үкімет көлік дәліздерін дамытуға және инженерлік желілерді жаңғыртуға назар аударды, бұл азаматтардың іскерлік белсенділігі мен тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді.

Президент тапсырмасын орындау аясында «Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз» автомобиль жолының құрылысы басталды. Ұзындығы 896 шақырым бұл жоба орталық өңірлердің Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тікелей шығуын қамтамасыз етеді. Жалпы құны – 1,1 трлн теңге.

Шағын қалалардың көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасы орындалуда. Қалада ұзақ уақыт бойы тікелей әуе қатынасы болған жоқ, өйткені жергілікті әуе айлағы 1992 жылдан бері жұмыс істемеді. Әуежайды іске қосу үшін ұшу-қону жолағын реконструкциялауға және жаңа терминал салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,5 млрд теңге бөлінді. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Өмір сапасының негізгі факторы тұрғын үй мен энергия ресурстарының қолжетімділігі болып қала береді. 2025 жылы «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы аясында 8,5 мыңнан астам қарыз берілді. (2024 жылдан бастап 16,3 мың қарыз берілді)

Өңірлерді газдандыруға 2024 жылы 112,4 млрд теңге бағытталды, 2 мың шақырымнан астам желі салынды.

«Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры құрылысының мерзімінен 1 жыл 4 ай бұрын аяқталуы энергетика секторындағы маңызды оқиға болды. Оны іске қосу Жетісу облысының 84 елді мекенін табиғи отынмен қамтамасыз етуге және өңірді газдандыру деңгейін 76%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы Құрылтайдың II және IV отырыстарында Президент айқындап берген «Адал азамат» тұғырнамасы негізінде жүргізілуде.

Тәсілдерді жаңарту үшін тәрбие жұмысы трансформацияланды:

●          «Біртұтас тәрбие» бірыңғай бағдарламасы «Адал азамат» бағдарламасына өзгертілді.

●          «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына негізделген бағдарламаның мазмұны білім беру ұйымдарына енгізілді. 110 мыңнан астам педагог білім алды.

Тарихи жадыны сақтауға және зиялы қауымды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. I және II отырыстардың бастамалары жүзеге асырылды:

●          «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы қалпына келтірілді.

●          23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілді.

●          Отандық авторлардың «100 кітабының» тізімі жасалды.

●          Астанада Президенттік кітапхананы жобалау жұмыстары басталды (пайдалануға беру – 2027 жыл).

Адал еңбек идеологиясының жалғасында III отырыстың (Атырау) тапсырмасы орындалды: 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Еліміздің марапаттау жүйесіне өндірістік мамандықтардың өкілдері үшін 9 жаңа құрметті атақ енгізілді.

«Адал азамат» қағидаты әрбір қазақстандық үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруды көздейді. Мемлекет басшысының IV отырыста берген тапсырмаларын орындау мақсатында Үкімет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы» заң жобасын әзірледі.

Құжат Мәжілістің қарауында. Жоба үш негізгі мәселені шешуге бағыттылған:

●     Ерте анықтау: диагностика мен қолдаудың бірыңғай стандартын енгізу.

●     Цифрландыру: барлық қызметтер әр балаға жеке жоспар құра отырып, «Интеграцияланған модуль» жалпы жүйесі арқылы тағайындалады

●     Сапаны бақылау: психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін ұйымдар үшін лицензиялауды енгізу.

Балалық шақ саласын жүйелі дамыту мақсатында «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді. Құжат төрт негізгі бағытқа негізделген: баланың қауіпсіздікке, білімге, денсаулыққа, әлеуметтік қорғауға және отбасына құқығы. Жоба балалардың құқықтарын қорғауды ретке келтіреді және мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысын жолға қоюға мүмкіндік береді. Бұл әр балаға тең қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, зорлық-зомбылық пен буллингтің салдарымен күресуден гөрі олардың ерте бестан алдын алуға көмектеседі.

Осы жұмыс аясында 10 553 білім беру ұйымы қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған

Сонымен қатар оқушы орындарының тапшылығын жою бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. 2025 жылы 267 мың орынға арналған 232 мектептің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 2025 жылы:

●          112 нысан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынуда.

●          2029 жылға дейін толық жаңарту жүргізілетін 1231 мектептің тізімі анықталды.

●         Әр түрлі қаржыландыру көздері есебінен 50 мектеп.

●         Қосшы қаласында халықаралық үлгідегі колледж құрылысы пысықталуда.

 Қоғамның тұрақты дамуының кепілі – «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау. Құрылтайдың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде заңнамалық шаралар пакеті қабылданды:

●     5 біртекті заңды біріктіретін «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» бірыңғай заң қабылданды. Құқық бұзушылықтардың ерте алдын алуға, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге баса назар аударылды.

●     Букмекерлік кеңселердің қызметін реттеуді күшейтетін және лудоманияға қарсы тұруға бағытталған ойын бизнесі мәселелері бойынша заң қабылданды. Вейптерді шығаруға және таратуға толық заңнамалық тыйым салынды.

●     Жауапкершілікті саралайтын заң қабылданды (есірткі жасырумен бірінші рет айналысқандар курьерлер үшін жұмсартылды, өндірушілер үшін қатаңдатылды). Есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары жүзеге асырылуда.

●     Сотталған әйелдердің, оның ішінде жүкті және жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеу жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді. Қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер енгізу және кездесу, қоңырау шалу мен сәлемдемелер алу құқығын кеңейту жоспарлануда. Бұдан бөлек, жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізбесін кеңейту пысықталуда.

●     «Деструктивті діни ағымдар» терминін бекітетін және шетелде теологиялық білім алуды ретке келтіретін түзетулер дайындалды.

Мемлекет басшысының IV отырыс барысында шетелде мәдени қатысу туралы берген тапсырмасына сәйкес Бейжіңде «Қазақстанның мәдени орталығы» ашылды. Мәскеуде осындай орталықты ашу мәселесі пысықталуда.

Анимация саласында «Қиял vs қадам» және «Бәйтерек туралы аңыз» фильмдері мемлекеттік қолдауға ие болды. 43 анимациялық шығарма YouTube платформасында жарияланды.

2019 жылдан бері алғаш рет 5 толықметражды мультфильм шықты («Алтын адам», «Желаяқ», «Шоқан. Қашқария сапары», «Адам. Нартәуекел», «Тоқты мен Серке»).

Сонымен қатар тамыз айында Ақтауда «Үркер» Халықаралық қысқаметражды анимация фестивалі өтті, онда «Алтын көл» анимациялық фильмі бас жүлдені еншіледі, сондай-ақ «Тұран» туындысы «Үздік қысқаметражды фильм» номинациясына ұсынылды.

Спорт саласында коммерцияландыру және бюджеттік қаражаттың үлесін қысқарту бағыты жүзеге асырылуда.

Жекешелендірілген футбол клубтары:

●          «Жеңіс» ФК (Астана),

●          «Қайсар» ФК (Қызылорда),

●          «Қызылжар» ФК (Петропавл),

●          «Шахтер» ФК (Қарағанды) жекешелендіру аяқталуда

●          «Ақтөбе» ФК (Ақтөбе),

●          «Елімай» ФК (Семей),

●         «Оқжетпес» ФК (Көкшетау), «Тобыл» ФК (Қостанай), «Тараз» ФК (Тараз) және «Ертіс» ФК (Павлодар) бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

2025 жылы 15 желтоқсанда Көкшетауда құны 13,6 млрд теңге болатын көпфункционалды спорт кешені пайдалануға берілді. Арнаулы мемлекеттік қор есебінен құрылысты қаржыландыру мәселесі пысықталды: жобаның 13,6 млрд теңгені құрайтын жалпы құнының 12,6 млрд теңгесі дәл осы көзден бөлінді.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларына сәйкес Үкімет мемлекеттік басқару мен қаржы секторын ауқымды технологиялық жаңғыртуға кірісті.

●          Ұлттық ЖИ платформасын іске қосу жөніндегі тапсырманы орындау шеңберінде 15 орталық мемлекеттік органда 36 ЖИ-жобасын енгізу жоспары бекітілді. Жаңа құралдар салықтық және кедендік әкімшілендіруді автоматтандырудан бастап көлік саласы мен ғылымдағы аналитикаға дейінгі ауқымды міндеттерді қамтиды.

●          Ұлттық цифрлық мұрағат құру жөніндегі жол картасы бекітілді. Жоба үшін гибридті тәсіл таңдалды: сақтау – отандық деректер орталығында, аналитика – бұлтты сервистер арқылы жүргізіледі. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша жобаны бірыңғай мәдени-білім беру порталына кеңейту туралы шешім қабылданды. «Е-кітапхана», «е-Мұрағат», e-culture және e-museum жүйелерімен интеграция жүргізілуде.

●          Цифрлық активтердің қауіпсіз айналымын қамтамасыз ету тапсырмасы жүзеге асырылуда. Ұлттық Банк озық халықаралық тәжірибені (БАӘ, Еуроодақ) ескеретін заңнамалық түзетулер пакетін әзірледі. Құжат криптоиндустрияны жүйелі реттеуге және елдің қаржы жүйесі үшін тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар