Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев Путинді әуежайдан қарсы алды

Тоқаев Путинді әуежайдан қарсы алды
Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Ресей президентінің мемлекеттік сапары үш күнге созылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді әуежайдан қарсы алды.

Ресей президентінің ұшағы Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына қонды.

Ұшақ баспалдағында Ресей басшысын ресми делегациядан бөлек, құрмет қарауылы, әскери оркестр және Қазақстан мен Ресей туларын ұстаған балалар қарсы алды. Мемлекет басшылары бір-бірімен жылы амандасты.

Президенттер алдында құрмет қарауылы салтанатты түрде сап түзеді, ал әуежай үстінен Қазақстан мен Ресей туларын ілген тікұшақтар ұшып өтті.

Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екіжақты құжаттарға қол қойылады.

Бұған дейін Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен 2024 жылдың 27–28 қарашасында келген болатын.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар