Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда енді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға несие берілмейді

Қазақстанда енді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға несие берілмейді
Сурет: Almaty.kz
Сарбаздарға кредит берудің жаңа қағидалары әзірленді.

Елімізде ендігіде банктер мен микроқаржы ұйымдарына мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаздарға несие беруге тыйым салынады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталында қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Құжатта жоба бойынша Қорғаныс министрлігі мен несие бюролары арасында әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы ақпарат алмасу тәртібі белгіленетіні айтылған.

Бұл несие төлемдерін кейінге қалдыру үшін және жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның әскери қызметі немесе әскери қызметтен босатылуы туралы ақпаратты көрсету үшін қажет.

"Жобаға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары несие алуға өтініш түскен кезде әскерге шақыру жасындағы жеке тұлғаның мәртебесін кредиттік есептен тексеріп алуға тиіс. Егер оларда әскери қызметі туралы ақпарат болса, олар өтінішті қабылдамайды", - делінген құжатта.

Құжат 3 ақпанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар