«Шерханның әкесімен екі рет кездестік, бірақ нәтиже бермеді»: Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың ағасы оқиға туалы айтып берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:15
- 35
Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай оқиғаның қалай болғаны туралы айтып берді. Бұл туралы “Zhas Alash” подкасынтына берген сұхбат берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Нұрай мен Шерхан нағашымыздың тойында танысқан. Содан кейін ол қыздың артынан қалмаған. Тіпті Алматыға да іздеп барған.
“Нұрайдың 5 минутқа шығуын өтінген. Сөйтіп сыртқа шыққан сәтте көлікке отырғызып, телефонынын тартып алған. Шымкентке қарай жол жүрген. Нұрай шошынғанынан не істерін білмеген, Шерханның қолынан тартып алуға беттегенде “Біз қатты жылдамдықпен келе жатырмыз, маған тиіспе, әйтпесе жол апатына түсеміз” деп қорқытып қойған”, – деді ол.
Шерхан қызды ауылына апарған. Үйде 40 адамдай жиналып, той өткізетіндей болған. Бірақ қарындасын ол үйден алып кеткен. Өйткені қыз ол жерде қалуды қаламаған.
“Мен Нұрайдың қолынан ұстап, алып кетуге тырысқанда бүкіл туысқандары маған жабылып, “мусорды” лақтырғандай есіктен шығарып жіберді. Сосын біз 102-ге хабарластық, олар 15 минуттан кейін келді. Нұраймен де, Шерханмен де сөйлесті”, – деді ол.
Полиция қызметкерлері Нұрай мен Шерханды бөлімшеге алып кеткен. Содан кейін күдіктінің әкесін кіргізген. Ағасы осыдан кейін Нұрай әбден шошып қалғанын байқаған.
“Сөйтсек полиция қызметкері және оның әкесі арыз жазылатын болса, Шерханның бірнеше жылға темір торға қамалатынын айтып, қорқытқан. “Осындай жүкті көтеріп жүргің келе ме?” деп сұраған”, – деді ол.
Сұлтан Серікбай қысымнан кейін Нұрай екінші арызда ешқандай наразылығы жоқ екенін жазған. Сонымен қатар, енді өзіне тиіспеуін талап еткен. Құқық қорғау органдары арыз жазылған соң Шерханның оған жақындай алмайтынына сендіріп, уәде берген. Күдіктінің өзі де уәде берген. Кейіннен марқұм ағасына барлық шындықты айтып беріпті.
Бір аптадан кейін Нұрайдың ата-анасы қалалық прокуратураға қайта арыз түсірген. Кейінірек деректер жеткіліксіз деген себеппен істің қаралмайтыны хабарланған.
“Біз Шерханның әкесімен екі рет кездестік, бірақ өкінішке қарай нәтиже бермеді. Кейін Нұрай Алматыға оқуға қайтқанда мен де жанына барып, шамамен екі аптадай сабағына апарып, алып келіп жүрдім. Осыдан кейін шамамен екі ай тыныш өтті”, – дейді ол.
Алайда біршама уақыттан кейін Шерхан Нұрайды қайта мазалаған. Қоңырау шалып, мазасын алған. Марқұм телефон нөмерін де бірнеше рет ауыстырған. Тіпті құрбыларына 10-20 рет қатарынан қоңырау шалған кездері де болыпты. Бұл туралы олар енді ғана біліп жатқан көрінеді.
“Шерханның құрбыларына, достарына қоңырау шалып, мазасын алғанын енді ғана біліп жатырмыз. Нұрай бізді уайымдатпау үшін айтпаған секілді. Сондықтан ішінара біздің кінәміз бар шығар”, – деді ол.
Оқиға болған күні марқұмның ағасы сол уақытта моншада болған. Анасы хабарласып, оның үйге тез жетуін айтқан. Сұлтан Серікбай құқық қорғау органдары тарапынан уақытылы әрекет жасалғанда мұндай жағдайдың алдын алуға болатынын еді дейді.



