Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлауы өтуі тиіс – Тоқаев
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:50
- 47
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында егер де мемлекет басшысы лауазымынан мерзімінен бұрын кетсе, екі ай ішінде президент сайлауы өтуі керек екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ереже заң нормасымен бекітуі керектігін жеткізді.
«Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі. Осы мәселені ерекше атап өткен жөн: қалған мерзім 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтуі тиіс деген норма негізгі заңда нақты бекітілуі қажет. Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни заңды түрде келуі керек. Бұл мен үшін өзгермейтін, маңызды ұстаным. Осы норма мемлекет басшылары үшін де ешқашан өзгермейтін қағида болуға тиіс, - деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, оның орнына ел тізгінін кім қолға алатынын айтты.



