Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте жаппай төбелес болып, бір адам қаза тапты: марқұм белгілі бапкердің ұлы болып шықты

Шымкентте жаппай төбелес болып, бір адам қаза тапты: марқұм белгілі бапкердің ұлы болып шықты
Сурет: Instagram Бекзат Жасия
Шымкенттегі төбелесте кісі қолынан қаза тапқан 40 жастағы ер адам белгілі бапкердің ұлы.

Шымкентте жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласып, салдарынан бір адам қаза тапты. Марқұмның грек-рим күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионатының жүлдегері, белгілі бапкер Александр Колесниковтың ұлы екені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Қаза тапқан азамат грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерінің ұлы, 40 жастағы Василий Колесников екені анықталды.

Оның денесі екі сағаттан кейін Ордабасы ауданына қарасты Темірлановка ауылында, орталық аудандық аурухана маңынан түрлі жарақат белгілерімен табылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар