Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында ер адам ұзақ жылдар бойы өгей қыздарын зорлап келген

Түркістан облысында ер адам ұзақ жылдар бойы өгей қыздарын зорлап келген
Сурет: ratel.kz
Түркістан облысында ер адам екі өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді.

Түркістан облысының Кентау қаласында ер адам өгей екі қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат желіде тараған. Ол ұзақ жылдар бойы кәмелетке толмаған қыздарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Күдіктінің қылмыстық әрекеттері басталған кезде өгей қыздары алты және сегіз жаста болған.

Түркістан облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша Кентау қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталғанын растады. Полицияның мәліметінше, арыз 2025 жылдың желтоқсан айында түскен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады”, – делінген полиция хабарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар