Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Енді әскерилер мен олардың отбасы мүшелері пойызбен тегін жол жүре алады

Енді әскерилер мен олардың отбасы мүшелері пойызбен тегін жол жүре алады
Сурет: rail-news.kz
1 қаңтардан бастап әскерилер мен олардың отбасы мүшелері пойызбен жылына бір рет тегін жүре алады.

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне пойызбен тегін қатынау құқығын іске асыруға арналған жиын өтті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойыздарымен тегін жол жүре алады. Бұл бастама әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және отбасымен бірге сапарлау мүмкіндігін арттыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілі Айнұр Базарбаеваның айтуынша, жеңілдік тек Қазақстан ішіндегі пойыз бағыттарына қолданылады, ал шығындар "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы есебінен өтеледі.

Сонымен қатар жиын барысында жеңілдікті пайдалану кезінде туындауы мүмкін техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер де қаралды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар