Жетісу облысында аналары жылу батареясына байлап ұрып-соққан бала мен оның бауыры балалар мекемесіне орналастырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:38
- 51
Жетісу облысының Нұркент ауылында баласын жылу батареясына байлап, ұрып-соққан әйелдің екі баласы Талдықорғанда балалар мекемесіне орналастырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жетісу облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ермек Егінбаев мәлімдеді.
"Балалар қазір Талдықорғанда, қауіпсіз жерде. Оларға қажетті күтім мен барлық жағдай жасалған: ойыншықтар, тамақ бар. Бүгін мен барып, екі баламен де кездестім. Өздерін жақсы сезініп отыр. Оларға тәрбиешілер мен дәрігерлер, соның ішінде логопед пен психолог тиісті деңгейде қарап жатыр. Олардың болашақ тағдырына қатысты мәселе шешілуде және бақылауда. Біз өз тарапымыздан бұл процеске тікелей қатысып, жағдайды қатаң қадағалап отырмыз", – деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.



