Яна Легкодимованы өлтіру ісі: сотталушылар сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қаңтар, 2026
- 302
Атырауда Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов үкімге апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Не Молчи” қоры сотталушылардың қазіргі кезде тергеу изоляторында отырғанын және олардың қолында телефон болуы мүмкін екенін жазады.
«Келесі кезең — апелляциялық сот. Егер үкім заңды күшіне енсе, Ризуан мен Алтынбек №39 мекемеге — “Қара бүркітке” этаппен жіберіледі. Қазіргі уақытта олар тергеу изоляторында отыр. Олардың қолында телефон да, интернет те болуы мүмкін», — делінген “Не Молчи” қорының жазбасында.
Еске салайық, 17 қарашада Яна Легкодимованы өлтіргендерге сот үкімі шыққан болатын. Күдікті Ризуан Асланов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
Ұқсас жаңалықтар
Руслан Рысмамбетов: Зейнетақы жинақтарын шешіп алуға әрдайым қарсы болдым
- авторkyn.kz
- 6 маусым, 2026




