«Кез келген адамның бағын жағатын қызбын»: Ақбота-Нұр қайта тұрмысқа шығу туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:10
- 36
Белгілі әнші, әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмыс құруға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі қайта тұрмыс құруға асықпайтынын және балаларының ол жайында не ойлайтынынан қорқатынын айтты.
"Тұрмыс құруға асықпаймын. «Аузы күйген, үрлеп ішеді». Екі балам болғаннан кейін ойланасың, көп қарайсың, оңай емес. «Менің болашақ жартымды олар қалай қабылдайды, қарым-қатынасы қалай болады?» деген сұрақтар жиі мазалайды мені. Кейде алаңдайтын, уайымдайтын, қорқыныш сезімі болады. Ажырасып, жалғыз болсам, бұлай қорықпас па едім… Екі балам болғаннан кейін, сәл қорқыныш сезімі бар. Бірақ 5 баласымен де алып жатыр ғой. Жасым келген жоқ әлі. Отызға да толған жоқпын. Жұмысым бар, әп-әдемімін. Өз-өзіме жауап бере алатындай мінезім де жеткілікті. Кез келген адамның бағын жағатын қызбын ғой негізі", - дейді ол.




