Басты жаңалықтар
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушысы босанып алды
- автор kyn.kz
- 18 шілде, 2018
- 257
16 жастағы оқушының басындағы жағдай үшін оны үйіне келіп оқытып жүрген ұстаздары жазаланатын болды
Бұл жағдай ауданға қарасты ауылдардың бірінде болған. "Эпилепсия" ауруына шалдыққан жасөспірімді мұғалімдер үй жағдайында оқытып келген.
Танысынан жүкті болып қалған оқушыға мұғалімдер үш-төрт ай сабақ өтпеген көрінеді. Тіпті мектеп əкімшілігі оқушының аяғы ауыр екенін босанғанда ғана біліпті.
"Мектеп басшысына жəне сабақ беретін мұғалімдерге тəртіптік шара көрсетілді. Оқушының жағдайына байланысты емтиханнан босатылды.
Босанған соң қызды жігіті үйіне алып кеткен. Аудандық білім бөліміне жеткіншектің босанғаны туралы перзентханадан хабар түсті", - деп хабарлайды аудандық білім бөлімінің мамандары.