Басты жаңалықтар
Танымал актриса жартылай жалаңаш тәнімен жігіт қауымын тәнті етті (фото)
- автор kyn.kz
- 17 шілде, 2018
- 1.2k
«Бар болғаны тәнін көрсеткісі келген сияқты»
Телехикаяларда жиі бой көрсетіп жүрген актриса Бибігүл Ақтан әлеуметтік желіге жартылай жалаңаш тұрған суретін жүктеп, жігіттерді таң-тамаша етті. Көпшілік оның беліндегі татуға сүйсіне қарағандарын жазып жатыр, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Актрисаның дәл мұндай суретін жариялауына су киімін іздеуі себеп болған. Ол осы орайда желідегі құрбыларынан көмек сұраған еді. «Қыздар, маған көмектеріңіз қажет. Қазір жұмыс кестем өте тығыз. Сол себепті демалысқа дайындалатын уақытым болмай жатыр. Тамаша купальниктер сатылатын дүкен болса, айтып жіберіңіздерші. Төменде аккаунттарды көрсетер болсаңыздар, нұр үстіне нұр», - деп жазды актриса.
Желі қолданушылары көмектесіп қана қоймай, актрисаның дене сымбатына тәнті болғандарын жазды.
«Татуыңыз от болып тұр», «Меніңше, саған купальник керек емес. Бар болғаны тәніңнің сымбатын көрсеткің келген сияқты. Татуыңызды кім жасап берді?», «Луина-2», «Оның жамбасында шаңырақ іспетті тату бар. Маған сол ұнайды», «Фигураңыз күшті» деп жазды желі қолданушылары. Актриса өз кезегінде көмектескен жандарға алғыс айтып, өзіне тату жасаған азамат туралы ақпаратпен бөлісті.
Автор: Kyn.kz