Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Енді 14 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желіге тіркеле алмайды

Енді 14 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желіге тіркеле алмайды
Сурет: norma.uz
Елімізде 14 жасқа дейінгі балаларға телефон ұстауға тосқауыл қойылуы мүмкін.

Енді 14 жасқа дейінгі балалар кейбір әлеуметтік желіге тіркеле алмауы мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі «зиян контенттен баламызды қалай арашалаймыз» деген мәселенің шешімін тауып қойыпты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Жауапты сала мамандары әлеуметтік желіге тіркелу енді тек баланың өз СИМ-картасы арқылы жүргізілетін болады дейді. Өз ұялы телефоны мен дербес нөмірімен тіркелген кезде кейбір әлеуметтік желіге тосқауыл қойылады. Яғни тек жасына сай контент көрсетіледі. Ал үлкендердің телефонынан кірген жағдайда мұндай шектеу іске аспай қалады. Сондықтан оқу-ағарту министрлігі өзге де министрлік өкілдерімен сұрақты барынша пысықтауда.

Сала басшысы Жұлдыз Сүлейменова мәселені жан-жақты қарап, ата-аналар, оқытушылар мен жеткіншектерден тұратын үштік пікірі міндетті түрде ескерілетінін айтты.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар