“Мен оны өлтіргім келеді”: Астанадағы екінші сынып оқушыларының жазғандары ата-аналарды шошытты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:05
- 48
Астана қаласындағы мектептің бірінде буллингке екінші сынып оқушысы қатарластарынан буллигке ұшыраған. Бұған қатысты оқушылардың хабарламалары әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тараған хабарламада Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясының екінші сынып оқушылары сыныптастары Әсел есімді қызды буллингке ұшыратып, тіпті өлтіреміз деп қорқытқан.
@astana_typical редакциясына қыздың анасы жүгінген. Оның айтуынша, қызы — екінші сынып оқушысы Әсел — отбасының Семей қаласынан көшуіне байланысты жуырда жаңа мектепке ауысқан. Соңғы уақытта қыз тұйықталып, көңіл күйі түсіңкі болып жүрген. Ата-анасы оның мінез-құлқындағы өзгерістердің себебін көрген.
Әселдің анасының айтуынша, балалар чатын сыныптастарының бірінің ата-анасы кездейсоқ байқап қалған. Чаттағы хабарламаларда қыз балаға қатысты қорлайтын сөздер, мазақтау, дөрекі және қорқытулар болғаны айтылған.
«Көргенім мен естігенімнен кейін қатты күйзелдім. Бұл — екінші сыныптағы балалар туралы сөз болып отыр», — дейді анасы.
Астана қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі жағдайдың бақылауға алынғанын және қажетті тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта оқушылардың жеке тұлғалары анықталды, әлеуметтік желідегі чат толықтай жабылды. Мектепте ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оқушылармен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Балағат сөздер қолданған оқушылар мектептің ішкі есебіне алынды. Алдағы уақытта тәрбиелік жұмысты күшейтуге бағытталған қосымша шаралар қабылданады», — деп хабарлады ведомстводан.



