Әділет министрі: түзетулер Конституцияның 80%-дан астамын қамтиды және Ата заңның жаңа редакциясының негізін қалыптастырады
- автор kyn.kz
- 29 қаңтар, 2026
- 11
Ол азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін, соның ішінде кінәсіздік презумпциясы, бір құқық бұзушылық үшін қайта жауапқа тартудың мүмкін еместігін және өзінің кінәсіздігін дәлелдеуден босату қағидаттарын күшейтуге бағытталған 16-1-баптың жаңа редакциясының маңыздылығын атап өтті.
«Конституция ең жоғары заңдық күшке ие. Ең алдымен, азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітіп, олардың кепілдіктерін белгілеуі тиіс», – деді Сәрсембаев.
Сонымен қатар, министр түзетулер қолданыстағы Конституция мәтінінің 80%-дан астамын қамтитындықтан, Ата заңның жаңа редакциясын қабылдауды талап ететінін атап көрсетті.
«Сөз шашыраңқы түзетулер жөнінде емес, басты жария-құқық актісінің іргесін толықтай қайта қарау әрекеті жөнінде екенін айта кету керек», – деді Ерлан Сәрсембаев.



