Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңаөзенде күйеуі 7 баланың анасын пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде күйеуі 7 баланың анасын пышақтап өлтірді
istockphoto.com/
Жаңаөзен қаласында 44 жастағы әйел пышақ жарақатынан қайтыс болды.

Әлеуметтік желіде Қызылсай ауылында (Жаңаөзен әкімшілігіне қарасты ауыл - Sputnik) болған оқиға туралы ақпарат тарады.

Онда 43 жастағы ер адамның суық қарумен әйеліне жарақат салғаны жайында айтылған. 7 баланың анасы оқиға орнында көз жұмды. Маңғыстау облыстық полиция департаменті 29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 44 жастағы әйелдің қайтыс болғанын растады.

"Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туындаған", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша тергеу шаралары басталды.

Айта кетері, осы бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар