Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Ернап Айдар жол ережесінің үш бірдей бабын бұзып, жауапкершілікке тартылды

Әнші Ернап Айдар жол ережесінің үш бірдей бабын бұзып, жауапкершілікке тартылды
kyn.kz
Жамбыл облысы полиция департаменті әншіні жауапқа тартты.

Жамбыл облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Тараз қаласында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегін анықтады. Ереже бұзған көлік иесі  Ернар Айдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде Тараз қаласында жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтады.

Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жол қозғалысы қағидаларын әдейі бұзып, заң талаптарына ашық түрде құрметсіздік көрсеткен. Оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған.

Тексеру барысында автокөлік иесі анықталды.  Ернар Айдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірден үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, ол көлікті тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын сақтамағаны, сондай-ақ жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін айыппұл салынды.

Полиция жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалыс қатысушысының жеке жауапкершілігінен басталатынын атап, жол - әзіл мен жарнамалық түсірілім жасайтын орын еместігін ескертеді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар