Кездесудің алғашқы сетінде 6:4 есебімен Рыбакина жеңіске жетті. Ал екінші сетте Соболенко 6:4 нәтижесін тіркеп, есепті теңестірді. Ал шешуші ойында Рыбакина бір рейт брейк жасап, 6:4 нәтижесімен ойынды аяқтады.
Айта кететін жайт, Елена Рыбакина жартылай финалда рейтингіде 12-орындағы украиналық Элина Свитолинаны айқын басымдылықпен жеңді – 6:2, 6:3. Сондай-ақ, отандасымыз іріктееу кезеңдерінде Франция, Чехия, Румыния, Польша теннисшілерін айқын жеңді.
Қазақстандық теннисші бұған дейін әлемдік рейтингте 5-ші орынан үшінші сатыға көтерілді. Сондай-ақ, ол 2022 жылы Уимбилдон турнирінде топ жарса, 2023 аталған Australian Open бәсекесінің финалына дейін жетті.
Бұған дейін Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққан болатын. Алайда ол шешуші сында бельгиялық Элизе Мертенс пен қытайлық Чжан Шуайға жол берді.
Ұқсас жаңалықтар
Серік Сәпиев орынбасарымен болған төбелеске қатысты мәлімдеме жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 қаңтар, 2026
Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрғаны туралы ақпарат тарады
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 қаңтар, 2026




