Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қар, тұман, көктайғақ": 2 ақпанға арналған ауа арйы болжамы

"Қар, тұман, көктайғақ": 2 ақпанға арналған ауа арйы болжамы
Сурет: prokazan.ru
Ақпан айында елімізде қар жауып, боран соғады.

Синоптиктер 2 ақпанда ауа райының тұрақсыз болатынын ескертеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ел аумағында қар жауып, боран соғады. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын күшті болады. Тек елдің орталығы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.

Астана — түнде -14…-16°, ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с. Күндіз -7…-9°, ауыспалы бұлтты, қар жауады.

Алматы — түнде -1…-3°, ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 2–7 м/с. Күндіз +7…+9°, ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Шымкент — түнде +4…+6°, ауыспалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз +11…+13°, ауыспалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (негізінен жаңбыр).

Ақмола облысы — облыстың батысы мен оңтүстігінде қар, боран. Жел шығыс, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, батыста, оңтүстікте және шығыста екпіні 15–20 м/с. Түнде ауа температурасы -15…-20°, батыста -23°. Күндіз -8…-13°.

Көкшетау — түнде -16…-18°, ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -10…-12°, жауын-шашынсыз.

Алматы облысы — күндіз облыстың батысында жаңбыр, солтүстігінде жаңбыр мен қар, көктайғақ. Оңтүстігі мен таулы аймақтарында кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Түнде -1…-6°, солтүстігі мен таулы аймақтарда -10…-15°. Күндіз +5…+10°, солтүстігі мен таулы аймақтарда 0…-5°.

Қонаев — түнде -4…-6°, ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз +5…+7°, жауын-шашынсыз.

Жетісу облысы — облыстың шығысында, орталығында және таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу боран, көктайғақ. Тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, Алакөл маңында екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с. Түнде -2…-7°, кей жерлерде -11…-16°.

Талдықорған — түнде -11…-13°, ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Күндіз +7…+9°, жауын-шашынсыз.

Түркістан облысы — жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, қар), түнде солтүстігі мен таулы аймақтарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Түнде +1…+6°, солтүстігі мен таулы аймақтарда -3°. Күндіз +8…+13°, солтүстігі мен таулы аймақтарда +3°.

Түркістан қаласы — түнде +2…+4°, кей уақытта жауын-шашын. Күндіз +8…+10°, жауын-шашын.

Батыс Қазақстан облысы — қар, жаяу боран, тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -5…-10°, батысында -13°.

Орал — түнде -5…-7°, жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман. Күндіз де сол күйі сақталады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар