+17 градусқа дейін көтеріледі: алдағы күндері Қазақстанда күн жылынады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:32
- 36
Алдағы күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +17 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі.
Кей күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, көктайғақ, тұман болып, бұрқасынмен бірге екпінді жел тұруы мүмкін.
Сонымен қатар оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ауа массаларының келуіне байланысты күндіз ауа температурасы солтүстікте 0...-7°С-қа дейін, батыста, солтүстік-батыста және орталықта -5°С-тан... +2°С-қа дейін, оңтүстікте +8... +17°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +5...+15 °С-қа дейін көтеріледі.
4 ақпаннан бастап елдің батыс өңірлерінде скандинавиялық антициклон қалыптасып, соның әсерінен түнде ауа температурасы -20...-28°С-қа дейін төмендейді.
ЖСДП Астанада ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылады
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
- авторkyn.kz
- 31 қаңтар, 2026




