Шымкентте жасөспірім көшеде кішкентай қызды зорламақ болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:20
- 14
Шымкентте жасөспірім кішкентай қызды көтеріп алып, қашқан. Бұл туралы видео әлемуеттік желіде тарады. Оған қызды зорламақ болды деген айып тағылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желіде тараған ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді.
“1 ақпанда күдікті жасөспірім көшеде кішкентай қызды ұстап, оны ұрлап әкетпек болған. Оның бұл әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды”, – деп жазды “Криминальный Казахстан” Telegram арнасы.
Шымкент қалалық полиция департаменті жасөспірімнің үстінен кәмелетке толмаған балаға қарсы заңсыз әрекет жасамақ болғаны үшін қылмыстық іс қозғады.
“1 ақпанда полицияға жасөспірім кәмелетке толмаған қызды ұстаған және оған қарсы құқыққа қарсы әрекет жасауға әрекет еткендігі туралы арыз түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Полиция күдіктіні ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Жасөспірімнің ата-анасы полиция бөлімшесіне шақырылды”, – деп хабарлады ведомство.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады.



