Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Адвокат блогер Жанабыловтар жеті жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтты

Адвокат блогер Жанабыловтар жеті жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты айып тағылды.

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Отбасының адвокаты Жасұлан Рахымғалиевтің айтуынша, ерлі-зайыптының әрекеттері Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған. Бұл заңсыз кәсіпкерлік қызметпен байланысты.

“ Қазір Жанабыловтарға ақшалай қаражатты заңдастыру, яғни жылыстату фактісі бойынша айып тағылып отыр. Бұдан бөлек, бүгін іс материалдарында прокурордың талабы пайда болғанын білдік. Прокурордың пікірінше, бүгіннен бастап бұл қаражат мемлекеттік қаражат болып саналады. Бұл жағдайдағы ең қорқыныштысы әрі қауіптісі – қазіргі таңда Жанабыловтарға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. Оның қандай болатыны әзірге белгісіз”, – деп атап өтті адвокат.

Сондай-ақ ол қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын айтты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар