Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Германиядағы экс-судьяның өлімі: марқұмның күйеуі өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді

Германиядағы экс-судьяның өлімі: марқұмның күйеуі өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді
Сурет: masa.media
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов алғаш рет пікір білдірді.

Германияда қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов өзі мен анасы Натальяға тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Донцовтардың қазір Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жүргені белгілі болды.

112 редакциясы эксклюзивті кадрларды жариялады. Александр Донцов әйелінің өліміне еш қатысы жоқ екенін айтып, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

2 ақпанда Александр мен Наталья Донцова Мәскеу қаласының Тергеу комитетінде түсініктеме берген. Тергеу барысында Наталья Донцова РФ Конституциясының 51-бабына сүйеніп, тергеушімен сөйлесуден бас тартқан.

Еске салсақ, 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Ұлыбританияда білім алып, Астанада судья қызметін атқарған. Соңғы жылдары отбасымен Германияда тұрған. Айгүл Сайлыбаева 4 маусым күні таңертең екі жасар қызын балабақшаға апарып, сол күйі хабарсыз кеткен. 12 күннен кейін оның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта бала әкесімен бірге тұрып жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар