Илон Маск байлығы 800 млрд доллардан асқан тарихтағы алғашқы адам атанды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:23
- 46
Америкалық бизнесмен Илон Маск тарихта байлығы 800 млрд доллардан асқан алғашқы адам атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Forbes-ке сілтеме жасап.
Forbes деректеріне сәйкес, біріктірілген компанияны 1,25 триллион долларға (625 триллион теңге) бағалаған бұл мәміле Масктың дәулетін 84 миллиард долларға арттырып, оны рекордтық 852 миллиард долларға (425 триллион теңге) жеткізген.
SpaceX – Масктың ең құнды активі. Ол сондай-ақ Tesla компаниясының 178 млрд долларға бағаланған 12 пайыздық үлесіне, сондай-ақ тағы 124 млрд долларға бағаланған Tesla акцияcының опциондарына иелік етеді. Оның басқа да активтері бар.
Қазір Масктың дәулеті әлемдегі екінші ең бай адам – Google-дың негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдждің (281 миллиард доллар) дәулетінен рекордтық 578 миллиард долларға артық. Бұл Масктың әлемдегі алғашқы триллионер атануына шамамен жарты триллион доллар қалғанын білдіреді.




