Денсаулық
Нипах вирусы: қазақстандық туристерге ескерту жасалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:14
- 43
Нипах вирусының тарауына байланысты қазақстандық туристерге ескерту жасалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елге нипах вирусының енуінің алдын алу мақсатында Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баратын қазақстандық туристерге арналған ұсынымдарды жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Олар:
- жарқанаттар, доңыз және басқа да жануарларға жоламау;
- жеке бас гигиенасы талаптарын сақтау, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану;
- тек қауіпсіз ауызсуды тұтыну;
- шикі финик шырынын ішпеу және жануарлар ластауы мүмкін өнімдерді тұтынбау;
- жеміс-жидек пен көкөністерді қолданар алдында мұқият жуу және тазалау.
«Дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе қатты бас ауруы сияқты белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет», – деп мәлімдеді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде.




