Заңсыз неке қиятын діни қызметкерлерін жауапкершілкке тарту керек - депутат
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:42
- 29
Мәжілісте депутат Мұрат Әбенов заңсыз қиылатын діни некелер тақырыбын қозғап, рәсімдердің кесірінен әйелдер мен қыздардың құқығы жиі бұзылатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Депутат кәмелет жасқа толмағандарды алып қашып, діни неке қию жағдайлары көптеп кездесетінін айтады. Сөзінше, ол осыған дейін де діни ұызметкерлерді жауапқа артуды ұсынған.
“Кәмелетке толмағандарды ұрлағаннан кейін кейде діни неке қиылып, артынша жәбірленушіні отбасыдан қуып жіберетін жағдайлар кездеседі. Мұндай деректер Қызылорда облысы мен Шымкентте тіркелген. Бұған дейін діни қызметкерлерді жауапкершілікке тартуды ұсынғанмын, алайда ол бастамаға қарсы шыққандар көп болды”, – деді депутат.
Мұрат Әбенов жаңа Конституция қабылданғаннан кейін нормаларды қатаңдатуға мүмкіндік барын атап өтті. Аталған ұсыныстар қатарында:
5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік енгізу;
Зорлауды аса ауыр қылмыстар санатына көшіру және ең жоғарғы жазаны 15 жылға дейін ұлғайту бар.



