Басты жаңалықтар
Ақтөбеде қайын атасы келінін зорлап тастады: 53 жастағы ер адам сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:00
- 41
Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата сотталды.
Ақтөбе облысында 22 жастағы келінін зорлады деп айыпталған ер адам сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысында келінін зорлады деген күдікпен 53 жастағы ер адам ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, жәбірленуші 22 жаста, ол - ер адамның өгей баласының әйелі.
Кейін Ақтөбе облысы Полиция департаменті өкілі жағаұстатар жағдайға пікір білдіріп, Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау дерегі бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Сотталушы кінәні мойындамаған. Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.




