СҚО-да 16 жастағы оқушы қыз мектептің дәретханасында сірке суын ішіп, ауруханаға түсті
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 ақпан, 2026
- 186
Солтүстік Қазақстан облысы Гусаков елді мекенінде 16 жастағы оқушы қыз сірке суын ішіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға кеше, 4 ақпан күні орын алған. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнен сұранып, дәретханаға баратынын айтқан. Анықталғандай, дәретханаға 70 пайыздық сірке суын өзімен ала барған. Соны ішіп қойған.
Оқушы жерде жатқан жерінен мектеп қызметкерлері көріп, жедел жәрдем шақырған. Санитарлы авиация қызды Петропавлға жеткізді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр екенін айтты.
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті хабарлағандай, қазір тергеу басталған.
«Айыртау ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын 16 жастағы оқушы қыздың уланғаны туралы ақпарат 4 ақпанда түсті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Digital Наурыз: дәстүр мен технология тоғысқан мереке (Фото)
- авторkyn.kz
- 20 наурыз, 2026




