Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әншілерге кейбір әндерді орындауына тыйым салынады

Әншілерге кейбір әндерді орындауына тыйым салынады
Сурет: pop-music.ru
Ендігіде әртістердің репертуарын мәдениет және ақпарат министрлігі бақылап отырады.

Қазақстанда барлық әншілердің мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауында болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов енді әртістер елдің белгілі бір қаласында жергілікті әкімдікпен жасалған келісімшарт негізінде өнер көрсететінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл құжатты, сондай-ақ әншілердің репертуарын жергілікті атқарушы органдармен қатар министрлік те бақылап отырады.

«Келісімшартта әртістің орындауға тиіс міндеттемелері нақты көрсетіледі, әрі ол оларды бұзбауы керек. Бұл міндеттемелер, ең алдымен, орындалатын әндерге қатысты. Яғни, ол композициялар еліміздің ұлттық құрылымына нұқсан келтірмеуі, порнографияны, есірткі қолдануды насихаттамауы тиіс. Жалпы, бұл — заңға қайшы контенттің толық тізбесі», – деді вице-министр.

 

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар